Республикалық “Ақ орамал” акциясы аясында Петропавл қаласындағы Абай мен Пушкин ескерткіштерінің алдында жас жұбайлар салтанатты түрде некелерін қидырды.
Шараға қатысушылардың бірі Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Роза Кәрімова:
– Жастар отбасы құндылықтарын жақсы білулері, бағалаулары тиіс. “Отан отбасынан басталады” демекші, жастардың ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрімізді қадірлеуі еліміздің өркендеуіне зор ықпал етеді. Біз, Аналар кеңесі, салтанатты шараға осы мақсатта өз үлесімізді қосып отырмыз, – деді.
Неке қию салтанатында қалыңдықтарға бейбітшілік, ой тазалығы және аналар символы ретінде ақ орамалдар таратылып, ақ түс адамның жан дүниесінің пәктігін білдіретіні айтылды. Сонымен қатар, салт-дәстүрімізді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру жайы тілге тиек етілді. Жас жұбайларға “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы тарапынан бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ,
“Солтүстік Қазақстан”.