Бүгін «Ақ жол» партиясы атынан Президент сайлауына түсетін кандидат анықталады.
Түстен кейін Елордада «Ақ жол» демократиялық партиясының кезектен тыс XV съезі өтеді. Жиында 2019 жылдың 9 маусымындағы президенттік сайлауға қатысу және партия атынан үміткерлерді ұсыну мәселелері қаралады.
Бұған дейін «ақжолдықтар» Мемлекет басшысының мерзімінен бұрын президенттік сайлау жөніндегі бастамасын қолдаған болатын.