«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚ ЖҮРЕКТІ АБЗАЛ ЖАНДАР

Адам өмірін ажал аузынан арашалау үшін қауіпті індетпен күн-түн демей күресіп жүр­ген дәрігерлерге қандай құрмет көрсетілсе де көптік етпейді. Өңір басшысы Құмар Ақсақалов Медицина қызметкері күніне орай облыстық әкімдікте өткен салтанатты шара барысында дәрігерлердің еңбегін жоғары бағалап, сый-сияпат көрсетті.

– Медицина қызметкері болу – абыройлы міндет. Сіз­дердің мамандық­тарыңыз жоғары біліктілік­ті, шексіз қа­йырымдылық пен мейірімділікті талап етеді. Жаһандық індеттің алғашқы күнінен бастап азаматтардың денсаулығын қорғауды қолға алдыңыздар. Сіздердің күш-жігерлеріңіздің, қажыр-қайраттарыңыздың арқасында облыста 14343 адам коронавирустық инфекциядан айығып, ажал аузынан қалды. Бұл – індет жұқтырғандардың 96 пайызын құрай­ды. Өңіріміздің дәрігерлері, фельдшерлер, медбикелер, кезекшілер, “Жедел жәрдем” кө­лігінің жүргізушілері пандемияға қарсы әрекет кезінде жоғары кәсіби шеберлігімен ерекшеленді, – деді Құмар Іргебайұлы.

Облыс әкімі өңірімізде денсау­лық сақтау саласын қаржыландыру жылдан-жылға ұлғайып, емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуда ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын атап көрсетті. Магниттірезонанстық және компьютерлік томография, өкпені жасанды желдету, рентген, электрокардиография, ультрадыбыстық зерттеу аппараттары сатып алынды. Оған қоса 38 “Жедел жәрдем” көлігі және 8 жылжымалы медициналық кешен сатып алынып, шалғайдағы елді мекендерде медициналық қызметтердің қолжетімділігі артты.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік ая­сында онкологиялық орталыққа МРТ жә­не көпсалалы облыстық ауруханаға ан­гиограф орнатылды. Сонымен қатар Пет­ропавлда жаңа жұқпалы аурулар ауруха­насы салынды. Қазір “Береке” шағынау­да­нында жаңа емхана құрылысы жүріп жатыр, алдағы күндері осындай нысан­ның бірі “Жас өркен” шағынауданында са­лынады. Бұдан бөлек, заманауи көпсала­лы аурухананың құрылысы жалғасуда, оның ашылуы өңір медицинасын даму­дың жаңа деңгейіне шығарады деп күті­луде. Сонымен қатар облысты дамыту­дың жаңа кешенді жоспары аясында ауылдық жерлерде 47 медициналық ме­кеменің құрылысы басталады. Осының арқасында ауыл тұрғындарына көрсеті­летін медициналық көмектің сапасы жақ­сара түспек.

Облыста дәрігерлер тапшылығы мә­се­лесі де біртіндеп шешіліп келеді. Өңір­ге келген дәрігерлерге 2,5 млн. теңге кө­лемінде көтермеақы төлеу қарасты­рылған. Бұл – ел бойынша жоғары көр­сеткіш. Биыл 128 дәрігер келеді деп күті­луде.

Жиын соңында өңір басшысы ұзақ жылғы еңбегімен облыстың денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін және Медицина қызметкері күні мерекесіне байланысты 13 медицина қызметкеріне облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыстады. Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың бұйрығына сәйкес төрт дәрігер – “Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін”, бес қызметкер “Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі” төсбелгілерімен және екі адам “Ең­бек ардагері” медалімен марапатталды.

Салтанатты марапаттау рәсімінен ке­йін Құмар Іргебайұлы құрметке бөленген жандарды ерен еңбектерінің еленуімен құттықтап, ұзақ өмір, еңбектеріне жеміс, отбасыларына бақыт тіледі. Медицина қызметкерлері атынан сөз сөйлеген Ға­бит Мүсірепов атындағы аудандық ауру­хананың бас дәрігерінің орынбасары Анар­гүл Болатова әріптестеріне көрсе­тіліп отырған құрметке ризашылығын білдірді.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

СУРЕТТІ: өңір басшысы Құмар Ақ­са­­қалов Анаргүл Болатованы мара­паттауда.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp