«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҢШЫЛАР МЕН БАЛЫҚШЫЛАРҒА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

 

 

Есіл өзенінің жағалауында аңшылар мен балықшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру мақсатында кезекті рейд өтті. Оның барысында облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары бос уақытта кәсіптің осы түрімен айналысатын адамдарға сақтық шараларын үнемі есте сақтаудың маңыздылығы туралы айтып, парақшалар таратты. 

– Осындай тексеру шаралары барысында біздің бөлімшенің қызметкерлері өңірдің су қоймаларында күн сайын 10-ға жуық балықшыны кездестіреді. Өкінішке қарай, олардың көпшілігі қарапайым қауіпсіздік ережелерін білмейді. Сонымен қатар әуесқойларда төтенше жағдай кезінде оларды құтқаруға арналған арнайы киімдер мен дөңгелектер болмайды, – дейді сүңгуір-құтқару бөлімшесінің бастығы, құтқарушы Қайрат Самаев. Облыс құтқарушылары аңшылар мен балықшыларға сақтық қағидаларын әрдайым қаперде ұстауға және оқыс оқиға орын алған жағдайда дереу “112” нөміріне хабарласуға кеңес береді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp