«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҢШЫЛЫҚ КУӘЛІГІН ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

Газет оқырманының бұл сұрағы­на орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім жетекшісі Олег БЕСПАЛОВ жауап береді:

– Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған кез келген азаматы өндірістік және әуесқойлық аңшылықпен айналысуға құқылы. Бірақ мұндай әуесқойлық заң жүзінде рәсімделіп, белгілі талаптар аясында жүзеге асырылады. Мұның өзі аңшылықтың браконьерлікке ұласпауына бірден-бір кепіл болмақ.
Аңшылық куәлігіне ие болу соншалықты қиын емес. Ол үшін “Қан­сонар” республикалық қауымдастығының жергілікті бөлімшесіне (Амангелді көшесі, 137) өтінішпен қоса 3х4 пішінді 3 фотосурет, жеке куәліктің көшірмесі ұсынылады.
Ал тест түрінде өтетін емтиханға бір ай дайындық арнаулы бағдарлама аясында жүргізіледі. Онда жануарлар дүниесін қорғау, қоршаған ортаға жанашырлық, таза ұстау, ластамау, өңірдің флорасы мен фаунасы, кейбір заңнамалық құжаттар бойынша сұрақтар қамтылады. Емтиханды тапсырғаннан кейін аңшылық куәлігі беріледі. Оқу ақысы – 8, куәлік бағасы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Бұрындары аумақтық инпекцияға келіп, тіркелу міндет болса, қазір бұл талап алынып тасталды. Аңшылық туралы құжат Қазақстан аумағында он жылға дейін жарамды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp