Әуесқой аңшылар тағатсыздана күтетін кезекті маусымның басталуына аз уақыт қалды. Қыркүйектің бірінші сенбісінен бастап 30 қарашаға дейін бөденелерді, көгершіндерді, 7 қыркүйектен 15 қарашаға дейін шілдерді, 7 қыркүйектен 30 қарашаға дейін құрларды, қыркүйектің 7-сінен 31 желтоқсанға дейін борсықтарды, бұландарды, қабандар және маралдарды, 20 қыркүйектен желтоқсанның 31-не дейін сібір елігін, қарашаның 1-нен бастап 15 ақпанға дейін қарсақтарды, қояндарды, жанат тәріздес иттерді, түлкілерді, 1 қазаннан 15 ақпанға дейін ондатр деген аңды аулауға рұқсат етіледі.
Аңдардың басқа түрлеріне саятшылық құру аңшылық ережелері бекітілген мерзімде жүзеге асырылады.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығына сәйкес аңшыға бір күнде қанаттылар және аңдардың бес түрінен артығын аулауға болмайды.
http://dpr.sko.gov.kz