«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҢШЫЛЫҚ СОҚПАҚТАРЫ

Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында жерлес қаламгер Зейнел-Ғаби Иманбаевтың туғанына 95 жыл толуына орай “Балалар бағының бағбаны” деген атаумен еске алу кеші өтті. Шараға қатысқан қызы Марал Оспанова, зиялы қауым өкілдері мен жастар жазушының көзі тірі кезінде жазып қалдырған мұралары туралы сыр шертіп, оның шығармаларын насихаттау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы әсерлі сөз сабақтады.

Шал ақын ауданындағы Ортақкөл ауылында дүниеге келген қаламгердің “Дала әңгімелері”, “Қыран түлегі” сияқты повестері мен очерктері топтастырылған кітаптары мен балаларға арналған шағын әңгімелері қазақ әдебиетінің асыл мұрасы саналады.

Жазушының “Аңшылық соқпақтары” атты әңгімесін газетіміздің №3 (12.01.2019) санынан оқи аласыздар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp