«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҢЫЗДАР МЕН ЫРЫМДАР

Наурыздың Ұлыстың ұлы күні деп аталуына байланысты мынадай аңыз бар: Бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәтте жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан бұл күнді – Ұлыстың ұлы күні деп жариялайды.

Әбу Райхан Бируни, Омар Һайям тәрізді әлем таныған тарихи тұлғалардың еңбектерінен Шығыс халықтарының Наурыз мейрамын бірнеше күн тойлап өткенін білеміз. Олар Наурыз күндерінде мынадай салт-дәстүр, ырымдар жасаған:

1. Әр жерде үлкен от жағып, оған май құйған.

2. Жаңа өнген жеті дәнге қарап, болашақты болжаған.

3. Жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже “сумалық” ұсынған.

4. Ескі киімдерін тастаған.

5. Ескірген шыны аяқты сындырған.

6. Бір-біріне гүл сыйлаған.

7. Үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – “күн символын” салған.

8. Үйлеріндегі тіреу ағашқа гүл ілген.

9. Жамбы ату тәрізді түрлі жарыстар өткізген.

10. Бұл күні кәрі-жас мәз болып, бір-біріне жақсы тілектер айтқан.

(Ғаламтор деректері бойынша дайындалды).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp