Португалия құрамасы мен туриндік “Ювентус” клубының шабуылшысы Криштиану Роналду әйгілі испаниялық басылымның сыйлығымен марапатталды.
Ол “Marca” газетінің “Аңыз” сыйлығына ие болды. Марапаттау рәсіміне мадридтік “Реал” клубының президенті Флорентино Перес пен Роналдудың агенті Жорже Мендеш те қатысты. Сыйлық португалиялық шабуылшыға оның спорттық мансабына орай берілді.
1997 жылдан бері табысталып келе жатқан марапатты әр жылдары Лионель Месси, Диего Марадона, Майкл Фелпс, Михаэль Шумахер, Майкл Джордан сияқты спортшылар иеленген.