Облыс орталығындағы базарлардың бірінде адам өлтіру оқиғасы орын алды. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, 44 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен оның күйеуі қамауға алынды.
“Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөліміне сәйкес сот алдындағы тергеу басталды. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Ұсталған ер адамның айтуынша, олар ұрсысып қалған”, делінген хабарламада.
(Өз тілшіміз).