Сейсенбі күні таңертеңгілік мезгілде Петропавл қаласындағы базар маңынан өрт шықты. Өртсөндірушілер жеткенше 30 шаршы метр алаң отқа оранған еді. Қызыл жалынды құрықтауға 5 техника мен 17 маман жұмылдырылды.
Өртсөндірушілер үш газ баллонын дер кезінде сыртқа шығарып, оттың қатар тұрған үй-жайларға таралуына жол бермеді. Дәмхананың ыдыс-аяқтары, жабдықтары мен жиһаздары бүлінді. Шығынды “Doner Kebab” иелері көтереді. Өрттің шығу себебі анықталуда.