«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЙЛЫҚ – ҰЯТ ЕМЕС, МҰРАТ

“Forbes” журналында отандық миллионерлер тізімінде еліміздің ең жас кәсіпкері Марат Әбиевтің есімі жарияланды. Ақтөбелік 24 жастағы кәсіпкердің байлығы 11 млн. долларға жеткен. Маратқа миллиондаған доллар аспаннан түскен жоқ. Осындай деңгейге жету үшін 13 жыл жұмыс істеді. Ол ең алғашқы табысына 10 жасында қол жеткізді.

Марат оқу жылы аяқталып, барлық оқушылар кітаптарын реттейтін кезде олар үшін таптырмас құрал скотчтың бір қорабын дүкендердің бірінен 2000 теңгеге сатып алады. Мектепке келгеннен кейін сыныптастарының жыртылған кітабының әр бетін 5 теңгеге жабыстырып береді. Бірі күледі, бірі таңғалады. Осылайша, жеті мың теңге тапқанына қуанады.

Марат Әбиев мектепті тамамдаған соң Ақтөбе кооперативтік техникумын “Ақпа­рат­ты өңдеу және басқарудың автомат­тан­ды­рылған жүйелері” мамандығы бойынша бітірген. Мұнан соң компьютерлік қызмет көрсетумен айналысып, интернет сайттарын жасап, арнаулы студия ашады. Досымен бірлесіп ашқан фирмасы едәуір табыс әкеледі. Ал 19 жасқа толғанда көлік құрал­дарына спутниктік мониторинг жүргі­зе­тін “Евромобайл Қазақстан” ЖШС-нің негізін қалайды.

Марат жеке байлығын “Forbes” басы­лы­мына жариялаудың өзіндік себебі барын айтады. Қаршадайынан табыс тапқанымен, жасының кішкентайлығы алдынан талай кедергі келтірген. Соған қарамастан, тығы­рық­тан шығудың жолын тауып, алдына қойған мақсатына жетті. Маңдай терімен тапқан байлығын паш ету арқылы еліміздегі жастардың мүмкіндігі мол екендігін дәлелдеді. Ол халқымыздың “Балық берме, балық аулайтын қармақ бер” деген қанатты сөзін өмірлік ұстанымына айналдырған.

 (“Астана ақшамы” газетінің сайтынан алынды).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp