«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЙТӨСТЕГІ МӘДЕНИЕТ ОШАҒЫ

Кеңащы ауылдық округіне қарасты Байтөс ауылында мәдениет ошағының ашылу рәсімі өтті. Ауылдағы ескі ғимаратты қалпына келтіруге облыс әкімі Ерік Сұлтановтың тікелей қолдауымен “Жол картасы – 2020” мемлекеттік бағдарламасы арқылы 10 млн. 400 мың теңге жұмсалды. Салтанатты шараның негізгі бөлігі жаңадан іске қосылған көрермендер залында жалғасын тапты. Аудандық Мәдениет үйінің бір топ қызметкерлері мен Кеңащы ауылынан арнайы келген жас өнерпаздар залға лық толы Байтөс ауылының тұрғындарын өздері дайындаған тамаша әндерімен, билерімен сүйсіндірді.

Мәдениет ошақтарын осындай күрделі жөндеулерден өткізу басқа ауылдарда да жалғасатын болады.

Болат ӘМРИН.

Ақжар ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp