Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті болып Сейілда Байшақов сайланды. Қазақстан футбол федереациясының XIV кезектен тыс сайлау конференциясында федерация мүшелері мен атқарушы комитет мүшелері бірауыздан оны жаңа президенттікке сайлады.
– Білдірген сенімдеріңізге, құрметтеріңізге үлкен алғысымды айтамын. Сенімдеріңізді жоғары бағалаймын. Өз тарапымнан қазақстандық футболды дамыту үшін барлық күш-жігерімді саламын. Алға қойылған міндеттерді лайықты орындап, биік мақсаттарға жетіп, жаңа шыңдарды бағындыру үшін футболды сапалық жаңа деңгейге көтеретінімізге сенімдімін, – деп атап көрсетті Сейілда Байшақов. Ол 1950 жылы 28 тамызда дүниеге келген. Өзінің спорттағы мансабының басым бөлігін “Қайрат” командасында өткізді. 300-ге тарта матчқа қатысқан ол қазақстандық футболдың мақтанышы болып саналады. 2007 жылдың тамызынан Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті лауазымында қызмет атқарды.