«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЙҒАЗЫ

Балалар, ата-аналарың жаңа киім сатып алғанда ата-әжелеріңнен, өзге де туған-туыстарыңнан байғазы сұрап көрдіңдер ме? Егер де араларыңда байғазы алып көрмегендерің болса, мүмкіндіктеріңді қалт жібермеңдер.  

Байғазы сұрау – қазақ халқының ежелден келе жатқан салты. Балалар, жастар жаңа киім немесе зат алғанда берілетін ақшалай, заттай сыйды байғазы деп атайды. Бұрындары ер балалар қолдарына алғаш рет қамшы, ертоқым, ал қыз балалар оюлы қамзол, үкілі сәукеле кигенде көрімдігі ретінде байғазы ұстатқан. Ал бүгінгі күні бұл салтты өзге қырынан жандандыруға болады. Мәселен, қолдарыңызға алғашқы рет қалта телефонын ұстап, болмаса планшет алсаңыздар да, байғазы сұрауларыңызға болады.  

(С.Кенжеахметовтың кітабынан алынды).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp