«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАБАҚШАЛАР КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛМАЙДЫ

Бүгін Қазақстанда коронавирустың алдын алуға байланысты жиын өтті.

«Инфекцияны таратпау мақсатында 13 наурыздан бастап іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.

Мерекелік, спорттық, мәдени, конференциялар, семинарлар, көрмелерді және тағы басқа шараларды өткізуге тыйым салынады. Денсаулық сақтау, білім беру орындарында – ХҚКО-ларда, сауда орындарында, базарларда, вокзалдарда, әуежайларда және қонақүйлерде санитарлық шаралар күшейтіледі», – деді ЕралыТоғжанов.
Сондай-ақ жиында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балабақшалар жабылмайтынын айтты.
«Қазақстанда коронавирус жоқ, сол себепті балабақшалардың жұмысын тоқтатудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Коронавирус анықталған жағдайда жедел шаралар қабылданады», – деді ол.

https://aikyn.kz/ 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp