Қазақстан бойынша балалардың 28 пайызы ғана балабақшаға барып жүр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен онлайн режімдегі брифинг барысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.
Үкімет басшысының орынбасары 16 наурыздан бастап 6 сәуірге дейін мектеп оқушылары каникулға жіберілгенін, ал колледждер мен жоғары оқу орындарының бәрі қашықтан оқыту тәртібіне ауыстырылғанын мәлім етті. «Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының мектепке дейінгі ұйымдарының бәрі карантин уақытына жабылды. Қалғаны штаттық режімде жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда ел бойынша балалардың 28 пайызы ғана балабақшаға барып жүр», – деді Үкімет басшысының орынбасары.
Айта кетсек бүгінгі баспасөз мәслихатында Ералы Тоғжанов коронавирус инфекциясынан Қазақстанда адамдардың көз жұмғаны туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.
https://www.inform.kz