«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

Есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық (түзету) мектеп-интернат оқушылары көшпелі “Дельфиндер шоуы” бағдарламасын тегін тамашалады.

Табиғаттың бірегей сыйы болып табылатын дельфиндерді тамашалауға барған біздің тәрбиеленушілеріміз одан ерекше әсер алды. Олар дельфиндерді көргенде бейжай қалмай, су жануарларының әр қылығына сүйсініп, алған әсерлері мен сезімдерін қол шапалақтау арқылы білдірді.

Дельфинмен емдеу адамдардың жалпы психикасының дамуын ынталандыруға, ақыл-есті дамытуға, тілін жетілдіруге оң әсер ететінін ескерсек, дельфинарийдің біздің тәрбиеленушілерге пайдасы мол. Дельфинарий тәрбиеленушілерімізге ұмытылмас әсер сыйлап, оқу жылының басындағы ерекше оқиға ретінде естерінде қалды.

Ерекше қамқорлық көрсетіп, балаларға осындай мүмкіндік жасаған көшпелі дельфинарийдің басшысы Тарас Жмаревке балалардың алғысы шексіз.

Ирина ЛЮБЫХ,

есту кемістігі бар балаларға арналған мектеп-интернат директорының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp