«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАЛАР АТА-АНАЛАРЫН БЕЙНЕЛЕДІ

“СевКазЭнерго” акционерлік қоғамы кәсіби мереке – Энергетиктер күніне орай балалар арасында сурет байқауын ұйымдастырды.

Байқауға 27 бала қатысты. Үміткерлер “Біздің үйіміз жарық пен жылуға толы” тақырыбында сурет салды. Жыл сайын кәсіби мереке күні өткізілетін сайысқа өткен жылы “СевКазЭнерго” акционерлік қоғамы қызметкерлерінің балалары бақ сынасты. Олар түрлі түсті қарындаш, акварель бояуы мен фломастерлер арқылы берілген тақырыпты барынша суреттеуге тырысты.  

Нәтижесінде бірінші орынды алты жасар Мария Кисленко жеңіп алды. Ол өз суретінде әсем табиғат аясында көкжиекке дейін созылған электр беретін құрылғыларды бейнелеген. Ал екінші орынды иеленген Полина Рафальскаяның суреті ұнтақ жармасы мен акварель бояуы арқылы жасалған. Оның туындысын қарапайым сурет деу қиын. Одан да сәндік-қолданбалы өнер туындысы деу орынды. Себебі, ол өз суретінде түрлі түсті қағаз қиындыларын да қолданған. Полина мен Мария екеуі жасты. Екеуінің де суреттерінен шығармашылық ізденіс байқалады.

Байқау үміткері 12 жасар Дарья Потапова үшінші орынға лайық деп танылды. Жас суретші өз туындысы арқылы бүкіл энергетиктерді кәсіби мерекелерімен құттықтағысы келген. Ол суретінде сымдарды жалғап жатқан энергетик маманын бейнелеген.

Үміткерлер арасында Софья Третьякова мен Арина Алпеева бірнеше аталымдар бойынша марапатталды. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табысталды.

Игорь ТАТАРЧЕНКО,

“СевКазЭнерго” АҚ жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімнің маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp