Жарақаттану барлық жастағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Бүгінде балалар арасында жарақаттану жиі кездеседі. Әсіресе, кішкентайлардың көппәтерлі тұрғын үйлердің терезесінен құлау жағдайлары жиілеп кетті. Оқыс оқиғаның алдын алу үшін ата-аналар қауіпсіздік ережелерін сақтап, баланы назардан тыс қалдырмауы тиіс.
Қазір қыс мезгілі болғандықтан, көшеде де жарақат алу жағдайлары жиіледі. Мертігуге көктайғақ себеп болады. Қоғамдық көліктерде де қауіпсіздік ережелерін есте ұстаған жөн. Әсіресе, автобустың тайғақ сатысы қауіпті. Оқыс оқиғалардың алдын алу үшін жаяу жүргіншілер сырт киімге ерекше назар аударған жөн. Жарық қайтарғышы бар киім көзге бірден түседі. Сондықтан қазір жарық шағылыстырғыш элементтері бар балалар мен ересектерге арналған киімдер, аксессуарлар сауда желісінде кең таралған. Жаяу жүргіншілерге өкшесі тегіс, табаны орнықты аяқ киім киюге кеңес береміз.
Бибігүл БЕГЕНОВА,
облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жетекші маманы.