«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАЛАР ҚУАНЫШҚА БӨЛЕНДІ

Облыстық жетім балаларға арналған мектеп-интернатта “Асар” республикалық әлеуметтік ынтымақтастық акциясы болып өтті. Шараның мақсаты – балаларды қолдап, осы мәселеге қоғамның барынша көңілін аудару.

Облыстық этномәдени бірлестіктер өкілдері аталмыш мектеп-интернатқа барып, жетім балаларға қолдан келгенше көмек көрсетуді жақсы дәстүрге айналдырған. Мектеп ұжымы мен балалар да келген қонақтарды әрқашан құшақ жая қарсы алады. Кезекті кездесуді ұйымдастырушы этномәдени бірлестік өкілдері балаларға ән мен жырдан шашу шашып, тәтті базарлық әкелген. Сонымен қатар, спортпен шұғылданып жүрген 5 оқушыға шәкіртақы табыс етті.  

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы және “Қоғамдық бірлестік” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйытқы болуымен жүзеге асқан акция соңында “Барбанг”, “Радзіма” этномәдени бірлестіктерінің мүшелері балаларға арналған мерекелік дастарқан жайды.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp