Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ербатыр Мадияровтың ұйымдастыруымен аталмыш мекеменің қызметкерлері де “Мектепке жол” акциясына қатысты. Олар жаңа оқу жылы қарсаңында Петропавл қаласындағы №10 және №20 орта мектептердің аз қамтылған және көпбалалы отбасыларының бірнеше балғынына көмек қолын созды.
Мекеме басшысы Ербатыр Қайыргелдіұлы 5 оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтарға толы сөмкелер, спорттық киімдер мен аяқкиімдер табыс етті. Сондай-ақ, басқарма мамандары оқушыларды өздерінің жұмыс ерекшеліктерімен таныстырып, кабинеттерді аралатты.
Жаңа оқу жылы қарсаңында балалары мен немерелеріне жасап жатқан қамқорлықтары үшін үш баланың анасы Сандуғаш Исаева мен №20 мектептің 2-сыныбында оқитын Ілияс Садировтың әжесі Шайзада Қабылова облыстық ветеринария басқармасының мамандарына ризашылықтарын білдірді.
Ләйла ЖАНЫСОВА,
“Солтүстік Қазақстан”.