Қызылжар ауданының Соколовка ауылындағы “Жетім және ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Соколовка түзету мектеп-интернатында” ел егемендігінің 23 жылдығына орай мерекелік іс-шара өтті. Қамкөңіл балаларға үстіміздегі жылы Астана қаласында өткен “Жайдарлы жас ұлан” фестивалінде облысымыздың атынан бақтарын сынап, жүлделі III орын алған Петропавлдағы №2 орта мектебінің 3 “ә” сынып оқушыларынан құралған көңілді тапқырлар клубының мүшелері музыкалық орталықты сыйға тартты.
– Осындай қайырымдылық шараға ұйытқы болу арманымыз еді. Жетекшіміз Ерлік Мұхамеджановтың қолдауымен біз оны жүзеге асырдық, – деді жайдарманшылардың бірі Жалғас Бегалов.
Нұргүл ОҚАШЕВА,
“Солтүстік Қазақстан”.
Қызылжар ауданы.