«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАЛАР ҮЙДЕ ОҚУЫ МҮМКІН

Бас са­ни­­тарлық дәрігер Жан­дар­бек Бекшин коронавирустың кең таралуына тосқа­уыл қою үшін білім ор­да­ла­рын­да қашықтықтан оқы­туды енгізу мәселесі қарас­ты­рылғанын мәлім­деді.

Білім және ғылым министр­лігі елде Сovid-19 тіркеліп, та­ралған жағдайда қолға алынатын шара­лардан тұратын құжаттар топта­масын әзірлепті. Ондағы ұсыныс­тардың бірі қашықтықтан білім беруді көздейді.
«БҒМ тиісті құжаттар пакетін дайындады. Ондағы ұсыныстар­дың бірі – техникалық мүмкіндік бар жерлерде қашықтықтан оқы­ту. Бұл тек жоғары оқу орындары мен колледждерді ғана емес, со­нымен қатар мектептерді де қам­тиды. Біз оған қарсы емеспіз. Бұл – қалыпты тәжірибе. Қазіргі за­манғы ақпараттық технологиялар ұсынатын игілікті кең пайда­лан­ған жөн», – деді Жандарбек Бекшин.

Ол бүгінде айтылған ұсы­ныс­тар топтамасын мемлекеттік орган­­дар талқылап жатқанын жеткізді.
Ақпарат құралдарының мәлі­метінше, қазақстандық ЖОО-лар мен колледждер студенттерді ауди­торияға жина­май-ақ сабақ өткізуге дайындығын пысықтап жатыр.
Коронавирус 100-ден астам елде тіркелді. Сондықтан Қазақстан оның алдын алу жұ­мыс­тарын белсенді жүргізуде. Мы­­салы, M.Narikbaev atyndaǵy ­KAZGUU Universiteti өкілі, до­цент Сергей Пен қажет болса, оқу ор­нының онлайн-форматқа көшуге толық дайын екенін біл­дірді.
Бұл – халықаралық тәжірибе. Көрші Өзбекстанда да үш ірі университет шәкірттерін қа­шық­тықтан оқытатын болды.


 
https://aikyn.kz/  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp