«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАЛАР ҮЙІ АШЫЛАДЫ

Еліміз бойынша 20 жүкті әйел түзету мекемелерінде жазаларын өтеп жатыр. Олардың бәріне ортақ бір ғана балалар үйі бар. Мекеме Алматы облысын­дағы Жауғашты елді ме­кенінде орналасқан.

Енді осындай орын облыс аумағындағы әйелдер колония­сында бой көтеретін болады. Ондағы мақсат – ана мен нәрес­тені бір-бірінен ажыратпау, яғни шақалақ үш жасқа дейін анасы­ның жанында болады.

«Онда сәбилердің толыққан­ды өмір сүруіне барлық жағдай жасалады. Атап айтқанда, меди­цина қызметкерлерінің, педа­гогтар мен тәрбиешілердің тұ­рақты бақылауына алынады», – делінген Қылмыстық атқару жүйесі комитеті жергілікті де­партаменті таратқан ақпаратта.

Рабиға ЕРАЛЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp