«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАМЫЗ – БАЙЛЫҒЫМЫЗ

Мен – көпбалалы анамын. Үлкен ұлым жоғары оқу орнында оқиды. Кішкентайларым балабақшаға барады.

Көпбалалы отбасы болған соң балабақшаға бару кезегі біздің отбасындағы балғындарға әдеттегіден тез келді. Бұл мемлекет тарапынан біз сияқты отбасыларға көрсетіліп отырған көмек деп түсінемін. Нәтижесінде, қазір балаларымның барлығы балабақшаға барып жүр. Жаңа жылдан бері көпбалалы ана-ларға төленетін әлеуметтік жәрдемақының мөлшері де біраз өсті. Бұл да жағымды жаңалық болды. Қазір мемлекет тарапынан көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға қолдан келгенше барлық жағдай жасалуда. Осындай қолдауға қол жеткенде жүрегің жылылық сезіміне бөленіп, ертеңгі күнге деген сенімің арта түсетіні анық. Үй іші бала базарына айналған біз сияқты көпбалалы жандардың осындай қуанышы басқа отбасыларда да орын алса, нұр үстіне нұр болар еді.  

Құттықыз ҚҰСЕНОВА,

көпбалалы ана.

Қызылжар қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp