«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАНДИН ТОКИОҒА БАРАДЫ

Күні кеше Халықаралық су спорты түрлері федерациясы (FINA) “Champions Swim Series – 2020″ жарысының кестесін жариялады. 

Былтыр қолға алынған бұл жоба көпшіліктің көңілінен шығып, ол бірден зор беделге ие болды. Айтулы турнирге қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин де қатысты. Олимпиада чемпионы 200 метрге брасс әдісімен жүзу және 4х100 метрлік аралас эстафетада бақ сынады. Будапештте және Индианаполисте өткен жарыстарда отандасымыз екінші орынға ие болса, Гуанчжоуда төртінші орынға табан тіреді. Дмитрий Баландин бұл бәсекелердегі жоғары көрсеткішінің арқасында 2020 жылы Токиода алауы тұтанатын Олимпиада ойындарының жолдамасына қол жеткізді.

Алдағы маусымның алғашқы екі кезеңі 14-15 қаңтар – Гуанчжоу және 18-19 қаңтар – Бейжің қаласында өтеді. Ал жарыстың соңғы шешуші кезеңі ұйымдастыралатын қала әлі анықталған жоқ.

Сурет https://www.nur.kz сайтынан алынды.
 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp