«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАНЫҢ КӨҢІЛІ – ДАЛАДА

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар жыл басынан бері 8 жедел-алдын алу іс-шарасы мен акцияға қатысып, 104 рет рейд өткізді. Соның нәтижесінде бір мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс және ойын-сауық мекемелерінде жүргені үшін жыл басынан бері 688 заңды өкіл жауапкершілікке тартылды. Өткен жұма күні түнде өткен кезекті рейд барысында ювеналдық полиция қызметкерлері 15 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Уәлиханов көшесіндегі азық-түлік дүкендерінің бірінде полицейлер 21.00-ден кейін ішімдік сату фактісін анықтап, әкімшілік хаттама толтырды. Енді дүкен иесіне айыппұл төлеуге тура келеді. Кейін Потанин көшесіндегі дәмхананың бірінде ювеналды полицейлер 16 жастағы екі жасөспірім отырғанын анықтады. Оқиға орнына олардың аналары шақырылып, әкімшілік хаттамалар толтырылып, әңгіме жүргізілді. Петропавл қалалық полиция басқармасы ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы Эльмира Абушеваның айтуынша, ата-аналарға қатысты хаттамалар толтырылды. Оған қоса осы мекеменің иесі жасөспірімдерді үлкендердің бақылауынсыз кіргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 

http://petropavltv.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp