«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАНЫҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ

2016 жылдың 25-ші маусымында атасымен бірге балық аулауға барған Виктория есімді тоғыз жасар қыздың Новопавловка ауылының маңындағы «Огонек» саяжай қоғамының аймағында суға батып кетуі бүкіл Петропавл қаласын және сол төңіректегі ауылдарды дүрліктірген еді.

Жеткіншектің мәйітін іздестіруге құрамында 300-дей адам бар құтқарушылар – полиция қызметкерлері, сүңгуірлер, төтенше жағдай өкілдері мен еріктілер қатысты.

Ақыры, 27 маусымда баланың мәйіті табылды. Ағын су оны Қызылжар ауданының Ольшанка ауылының төңірегіне, оқиға орнынан он екі шақырым жерге ағызып әкетіпті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp