«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАНЫҢ ҚУАНҒАНЫ ҚАНДАЙ БАҚЫТ!

Петропавлда 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай көптеген қызықты шаралар ұйымдастырылды. Бұл күні Орталық алаңда «Балалық шақтың қалашығы» бой көтерді. Мұнда өңірдің кішкентай тұрғындары үшін интерактивті алаң жасақталып, шеберлік сабақтары, эстафеталар мен жарыстар өткізілді. Әр бала өзінің бойындағы қабілетін шыңдай түсті.

Алаңда құтқару бекеті, медициналық шатыр, тіпті сұлулық салоны да жұмыс істеді. Мерекелік шараға жүздеген петропавлдық бүлдіршін ата- аналарымен бірге келді.

Балалар гольф ойнап, хоббихорсердің рөлін сомдап, асфальт пен әйнекке сурет салды. Тіпті манекенге өз қолымен ине салып, жүрекке жанама массаж жасауға мүмкіндік алды.

Құтқару техникасы қойылған көрме де көпшіліктің қызығушылығын туғызды. 11-12 жастағы балалар техникалық шеберліктерін шыңдаса, кішкентай бүлдіршіндер аниматорлармен бірге би билеп, сабын көпіршіктерін ұшырды.

Балалар мерекесі шығармашылық ұжымдардың концертіне ұласты. Жас өнерпаздар ән шырқап, би билеп, көрерменге тамаша көңіл күй сыйлады.

Тағы бір әсерлі сәт – Достық үйінің алдындағы сахнада ерекше күтімді қажет ететін балалардың өнер көрсетуі болды. Сонымен қатар мұнда дәстүрлі «Белый цветок» атты қайырымдылық акциясы өтті.

Биыл өңірімізде 1-10 сыныптағы оқушылардың 95 пайызын (65 мың бала) жазғы демалыспен қамту жоспарланған. 6 200 бала жазғы лагерьлерде демалады деп күтілуде.

Рабиға ЕРАЛЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Суретті түсірген

Шыңғысхан БЕКМҰРАТ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp