«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАНЫ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ

Петропавлда ер адам төртінші қабаттан құлай жаздаған екі жасар баланы құтқарып қалды. 

Оқиға Шухов көшесі бойындағы бесқабатты үйлердің бірінде болған. 46 жасар Дмитрий Зайцев подъездегі айқай-шуды естіп, үйінен шықса, үрейлері қашқан бірнеше адам жүгіріп жүр екен. Олар аулада ашық терезе алдында тұрған баланы байқап қалғандарын және сол пәтерді іздеуге кіргендерін айтады. Үй тұрғыны көп ойланбастан, баланы құтқаруға кіріседі. Ол  бесінші қабаттағы балкон арқылы төменге түсіп, пәтерге кіреді. Терезеде тұрған бала келесі бөлмеде екен. Ал оған қарауы тиісн әйел түнгі кезекшіліктен кейін қатты ұйықтап қалған. Сөйтіп,  бала оқиға кезінде жұмыста болған анасына аман-есен тапсырылды. 
 
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp