«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАҢА ИЕ БОЛ, АТА-АНА!

11 тамыздан басталған “Жасөспірім” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында тек бір тәулік ішінде 47 ата-ана кәмелетке толмаған балаларының түнгі уақытта үйінен тыс жерде және қараусыз жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталмыш шараның алғашқы күні тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған 84 баланы ұстаған. Оның 49-ы әкімшілік құқық бұзушылық жасағандар болса, 35-і – түнгі уақытта далада ата-ананың қарауынсыз және қадағалауынсыз жүргендер. Алдын алу жұмыстары жүргізілген соң олар ата-аналарына тапсырылды. Сонымен қатар, 14 жасөспірім және тұрмыс жағдайы төмен 34 отбасы анықталып, профилактикалық есепке қойылды.

“Жасөспірім” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуге ішкі істер органдарының 400-ден астам қызметкері тартылған. Сондай-ақ, шараға білім және денсаулық сақтау саласының, “Нұр Отан” партиясының, жастар ұйымдарының өкілдері, прокуратура қызметкерлері қатысуда.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp