«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«БАЛА ДАУЫСЫНА» ІРІКТЕЙДІ

Бүгін Петропавлда «Бала дауысы» ұлттық ән байқауына қатысуға ниет білдіргендерді іріктеу туры өтеді. 

Биыл төртінші рет 8-12 жастағы балалар арасында өтетін бұл байқау Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының авторлық жобасы. Петропавлдық жас әншілердің қабілет-қарымын  «SuperStar KZ» тележобасының жүлдегері Әділжан Омаров бастаған қазылар алқасы бағалап, байқаудың ақтық сайысына жолдама береді.

Іріктеу бұған дейін еліміздің 9 өңірінде өтіпті.Облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардың 17 өкілі алдағы күзде байқаудың Алматыда өтетін финалында өнер көрсетеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp