«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“БАЛА ДАУЫСЫ”: АҚТЫҚ КЕЗЕҢ

Алматы қаласында “Бала дауысы” ұлттық балалар ән байқауының ақтық кезеңі бастау алды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған жоба Әлия Назарбаеваның “Жандану әлемі” қорының қолдауымен өткізілуде.

Байқаудың басты мақсаты – балаларға жаңа әндер шығарып, оларды кеңінен тарату арқылы ұл-қыздардың музыкалық шығармашылығын дамыту, сонымен қатар, білім беру ұйымдарының педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету.

Жобаға қатысып, топ жарған үміткерлер қазан айының 15-інен бастап бір ай бойы Алматы қаласында аталмыш байқаудың финалдық кезеңіне дайындықтарын пысықтады. Балаларға өнер көрсету үшін арнайы авторлық әндер жазылды. Ұлттық балалар ән байқауының қорытындысы үстіміздегі жылдың қараша айының 12-13-і күндері белгілі болады. Байқаудың финалы “КТК” арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Жобада біздің облыстың намысын он үш жастағы Есения Епифанцева қорғайды. Жеңімпаз SMS дауыс беру арқылы анықталады. Өнерлі өрендердің талантын тамашалаған миллиондаған қазақстандық бұл күндері жаңа жұлдыздың жануымен қатар, балаларға арналған өлеңдердің тұсаукесерінің куәгері болады.

Облыстық ішкі саясат басқармасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp