«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бала еңбегі қаналмасын

Кезекті оқу жылы аяқталып, балалар жазғы демалысқа шығатын кез келді. Нақ осы кезде олардың көпшілігі демалса, араларынан жұмыс істегісі келетіндер де табылады. Өкінішке қарай, олардың еңбегін қанау фактілері де кездесіп қалып жүр.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінде “Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес” атты Ұлттық ақпараттық науқаны бастау алды. Ондағы мақсат – мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, жұмыс берушілердің балалардың еңбегін қанаудың алдын алу бағытында күш біріктіруіне ықпал ету.

Он екінші рет өткізіліп отырған шараның ұйымдастырушылары мен қатысушылары осы жылы “Бейқам балалық шаққа шат күлкі” ұранын ұстанбақ. Облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Ғалия Ілиясова науқан барысында облыс орталығы мен аудандарында семинарлар, “дөңгелек үстелдер”, конференциялар, балалардың сурет және шығарма байқаулары өткізіліп, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесіп, балаларды ауыр жұмысқа салмау жөнінде меморандумға қол қойылатынын айтты.
Өткен жылы екі мыңнан астам ақпараттық-түсіндірме жұмыстары өткізілген. Ішкі істер органдары білім беру мекемелерімен және ата-аналар қауымдастығымен бірлесіп, 325 адамды қамтыған төрт жүзге жуық рейдтік шара ұйымдастырыпты. Барлық шаралар 60 мыңға жуық адамды қамтып, нәтижесінде облыс аумағында балалар еңбегін қанау фактілері тіркелмепті.
Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp