«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛА САНЫ АЗ МЕКТЕПТЕР ЖАБЫЛДЫ

 

Алдағы оқу жылында 479 мектепте алғашқы қоңырау соғылады. Облыстық білім басқармасы биыл балалар санының аздығына байланысты өңір бойынша 7 білім ордасының жабылғанын жария етті. 

 

“Жекелеген негізгі мектептер мемлекеттік нормативке сәйкес келмегендіктен жабылып отыр. Ондағы оқушы саны бесеуге жетпейді. Бұл білім ошақтары Айыртау, Есіл, Жамбыл, Қызылжар және Тайынша аудандарында орналасқан”, деді басқарма басшысы Гүлмира Кәрімова. Оның айтуынша, дәрежесі өзгерген және жабылған мектептердің оқушылары көрші ауылдарда білім алатын болады.  Өкінішке қарай, республика бойынша шағын жиынтықты білім ошақтарының көбі біздің облыс бойынша тіркелген.
Былтыр өңірімізде “Уақытша отбасы” бағдарламасы пилоттық жоба ретінде Айыртау, М.Жұмабаев, Мамлют аудандарында сыналды. Тәжірибе барысында 60 оқушы оқу жылы аяқталғанша дейін өзге отбасында тұрып білім алған. Басқарма басшысының айтунша, нәтижесі жаман емес. Басқа елді мекенге барып оқыған оқушылардың оқу үлгерімі жақсарыпты. Жылы үйде жатып оқығандықтан ауру-сырқау және сабақты босату көрсеткіші 40 пайызға төмендеген. Облыста өткізілген бұл тәжірибеге бейінді министрлік оң бағасын беріпті. Енді “Уақытша отбасы” бағдарламасы заң жүзінде бекітіліп, республика бойынша жаппай қолданысқа енгізілмекші. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp