Солтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры өзінің тағы бір маусымының шымылдығын түсірді. Балалардың мәдениет ордасы бір жылда 300-ге тарта қойылымды сахналап, оларды 24 мыңдай балғын көрермендер тамашалады.
Маусымның жабылу салтанатында Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының, Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының сахнагерлері де болып, жас әріптестеріне ақжолтай тілектерін арнады.