Биылғы 28 қаңтар мен 2 ақпан аралығында футзалдан әлем чемпионатының іріктеу турнирі өтеді.
Элиталық кезеңге жолдама алған УЕФА мүшелігіндегі 16 команда төрт-төрттен төрт топқа бөлініп, өзара шеберлік байқасады. “D” тобына түскен Қазақстан құрамасы Чехия, Словения және Румыниямен күш сынасады. Ал өзге топтарда мына мемлекеттердің өрендері өнер көрсетеді: “А” тобы – Португалия, Италия, Беларусь, Финляндия; “В” тобы – Испания, Сербия, Украина, Франция; “С” тобы – Ресей, Әзірбайжан, Словакия, Хорватия.