Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес 2014 жылдың 29 қыркүйегі мен 24 қазаны аралығында Уәлиханов ауданында жергілікті бюджеттің атқарылуына және аумақты дамыту бағдарламасының іске асырылуын бағалауға бақылау жүргізілді.
Бақылау барысында 10 нысан қамтылды, олардың жалпы сомасы – 3 013 520,0 мың теңге, беті ашылған заң бұзушылықтың сомасы 827 772,7 мың теңге немесе қамтылған соманың 27,5 пайызын құрады, ал өндіріп алуға жататын сома 39 341,0 мың теңгеге бағаланды.
Жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындылары ауданда қаржы тәртібін сақтау деңгейінің төмендігін байқатты, бақылау нысандарында бюджетті жоспарлау кезінде мемлекеттік сатып алу үдерісін жүзеге асыру барысында заңнаманы бұзушылыққа, іссапарлық шығыстарды өтеуде, еңбекақы төлемі мен атаулы әлеуметтік көмектер төлемінде, орындалмаған жұмыстар көлемі үшін төлемдерде, ұялы байланыс, ТМД және Балтық жағалауы елдерімен сөйлесуге жұмсалған шығынға қатысты заң бұзушылыққа жол берілгені анықталды.
2013-2014 жылдарға арналған аудан бюджетін жоспарлауды бағалаудың нәтижелері аудан бюджетін жоспарлауда тұтастай алғанда Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттары сақталатындығын көрсетті.
Сонымен бірге, кіріс көздері бойынша түсімдердің болжамдық сомасын төмендету және дәлелділік қағидатын сақтамау, яғни бюджеттің жобасына қандай да бір түсімдер мен шығыстарды енгізудің қажеттілігін немесе олардың көлемін негіздеуді айқындайтын бюджеттік нормативтік-құқықтық актілердің және өзге құжаттардың негізінде жоспарлау жағдайы кездеседі.
Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді жақсарту үшін қолайлы инвестициялық ахуал туғызу, сондай-ақ, тұрғындардың өмір деңгейін көтеруді жақсарту үшін 2011-2015 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасы әзірленген.
Бақылау жүргізудің барысында ауданда бағдарламаның көрсеткіштерін орындай алмау себептерін талдау және оларды жою үшін шаралар қолдану жөніндегі тиісті жұмыс жүргізілмеуінің салдары болып табылатын аумақты дамытудың бағдарламасында көзделген жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізе алмау орын алғандығы анықталды.
2012 жылы бағдарламаны іске асыру барысында 29 нысаналы индикаторға (74,4%) және 88 нәтижелер көрсеткішіне (75,2%) қол жеткізілген, олар 9 мақсатқа қол жеткізуге және 24 міндетті орындауға мүмкіндік берген; 2013 жылы 34 нысаналы индикаторға (87,2%) және 112 нәтижелер көрсеткішіне (94,9%) қол жеткізілген, олар 18 мақсатқа қол жеткізуге және 36 міндетті орындауға мүмкіндік берген.
Одан басқа, бағдарламаны іске асыруға қатысушы мемлекеттік органдардың құзыретіне енбейтін іс-шараларды жоспарлау, сондай-ақ, өз кезегінде бағдарламада қойылған міндеттерге қол жеткізуге мүмкіндік бермейтін, нәтижелер көрсеткішін жоспарлаған іс-шаралармен қосарландыру жағдайлары орын алған.
Жоспарланған шараларды орындамау көрсеткіштерге қол жеткізу және бағдарламаның міндеттерін орындау пайызына тікелей әсер еткен, сөйтіп ол тұтастай алғанда, бағдарламаны іске асыруға кедергі жасаған.
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі тарапынан бағдарламаны іске асыру нәтижелілігі мен тиімділігіне тиісті мониторингтің болмауы, жекелеген шаралардың ағымдағы жағдайды және тапсырылған нәтижелерді қаржы ресурсымен қамтамасыз ету мен оған қол жеткізудің қажеттілігін талдаусыз жүзеге асыруға ұрындырған.
Бағдарламаның тиімділігін жалпы бағалау мониторинг жүргізудің барысындағы іс-әрекеттердің және бағдарламаны іске асыруға қатысушы мемлекеттік органдардың басқа қоса атқарушылармен ведомствоаралық өзара байланысты әрекеттерінің жеткіліксіздігін байқатады, ол өз кезегінде бірқатар жоспарланған мақсаттарға, нысаналы индикаторларға және өткен кезеңдердегі тәжірибелерді ескере отырып, оны айтарлықтай жан-жақты талдауды талап ететін бағдарламаның нәтижелер көрсеткішіне қол жеткізе алмауға себеп болған.
Өткізілген отырыстың қорытындылары бойынша тиісінше қаулы шығарылды, әкімшілік, қылмыстық және өзге де құқық бұзушылық белгісімен бақылау материалдары процессуалдық шешімдер қабылдау үшін тиісті органдарға тапсырылды.
Еркебұлан БАҒРАМОВ,
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
тексеру комиссиясының мүшесі.