«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Балуандар бабында

Шымкент қаласында қазақ күресінен өткен Бауыржан Момышұлы атындағы республикалық турнир өз мәресіне жетті. Бәсі биік додада 2006-2007 жылдары туған жасөспірімдер жекелей және командалық сында бақ сынады.

Солтүстікқазақстандық балуандар бірнеше күнге созылған жарыстың жекелей сынында екі күміс және бір қола медальға ие болды. Атап айтқанда, Досжан Сапарғали (55 кг.) мен Әділет Мырзаш (75+ кг.) екінші болса, Әлихан Еркінұлы (50 кг.) үшінші орынды місе тұтты. Сондай-ақ еліміздің әр өңірінен барған 13 команда өзара сынға түсті. Тартысты өткен белдесулердің нәтижесінде жерлестеріміз жалпыкомандалық үшінші орынға табан тіреді. Үздіктер қатарынан көріне білген петропавлдықтарға кубок және медальдар, 70 мың теңгенің сертификаты табысталды.

Сондай-ақ тағы бір жерлесіміз Айдын Қуанышев Орал қаласында 2004-2005 жылдары туған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен өткен Қазақстан чемпионатында сәтті өнер көрсет­ті. Өңір намысын қорғаған күрес мектебінің өкілі 70 килограмм салмақ дәрежесінде екінші орынға ие болды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp