Елордада режиссер Нұргелді Садығұлов түсірген «Балуан Шолақ» фильмінің премьерасы өтті.
Бұл халық композиторы, жауырыны жерге тимеген балуан, сан қырлы өнер иесі Балуан Шолақ (Нұрмағанбет Баймырзаұлы) туралы туынды.
Фильм сценарийінің авторы — жазушы, драматург Дулат Исабеков. Басты рөльді сомдаған белгілі актер Еркебұлан Дайыров.
Режиссер Нұргелді Садығұловтың айтуынша, картинада Балуан бабаның күрескерлігіне басымдық беріліп, келімсектерді көшіру кезіндегі жер үшін күрес кезеңі суреттелген.
«Балуан Шолақ» фильмі 18 сәуірден бастап жалпыұлттық прокатқа шығады.