«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛЫҚТАРДЫҢ ҚЫРЫЛУ СЕБЕБІ

Облыстық экология департаментінің мамандары Айыртау ауданының Кіші Қоскөл көлінде балықтардың жаппай қырылуының себебі анықтады.

Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың тамыз айында аталған көлде 500 келі мөңке балығы қырылғаны жөнінде газет беттерінде хабарлаған болатынбыз. Облыстық экология департаментінің мамандары көлден су сынамаларын алып, тексерді. «Осы фактіге қатысты ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті. Комиссия зертханалық зерттеулер нәтижесін ескере отырып, балықтардың қырылуына суда күкіртсутектің болуы себеп деген тұжырымға келді. Сондықтан алдағы уақытта мұндай жайттардың алдын алу үшін су қоймасының жағдайын тұрақты бақылау туралы шешім қабылданды. Көлді қолданып отырған «Першина И.Д.» жеке кәсіпкерлігіне балық ресурстарының қырылуы қайталанбас үшін ғылыми мекемемен бірге су қоймасына кешенді зерттеу жүргізу ұсынылды», – деді экология департаментінің мамандары.
Биылғы жылдың мамыр-тамыз айлары аралығында облыста балықтың қырылуына қатысты үш фактісі тіркелді. Мағжан Жұмабаев ауданындағы Питное көлінде 500 келі мөңке суға күкіртсутектің түсуінен өлсе, одан кейін Тайынша ауданындағы Шағлытеңіз көлінде де осындай жағдай орын алды. Алайда, мұндағы оқыс оқиғаның нақты себебі бүгінге дейін жарияланған жоқ.

Мира ТӨЛЕНДІҚЫЗЫ.

Сурет: https://egemen.kz/

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp