«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛЫҚШЫЛАР ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Солтүстікқазақстандық құтқарушылар сең көшуінің салдарынан Есіл ауданындағы Үлкен Тораңғұл көлінің ортасында қалған бес балықшыға көмекке келді.

Оқыс оқиға 12 сәуір күні орын алды. Үлкен Тораңғұл көлінің маңындағы құтқару бекетіне көмек сұраған балықшылар хабарласты. Әуесқой балықшылар жағалаудағы мұзда абай болу туралы ескерту мен көл бетіндегі мұздың жарылып жатқанын көрген. Алайда, үстіне шығып, балық аулауға бекінеді. Қызығына батқандары сондай, мұздың жағадан 300 метр қашықтыққа алыстап кеткенін байқамай қалыпты. Су қоймасының жанында күнделікті кезекшілікте жүрген құтқарушы Вячеслав Яковлев моторлы қайығын суға түсіріп, балықшыларды 1,5 сағаттың ішінде бір-бірлеп жағаға жеткізеді. Құтқарылған 55 пен 72 жас аралығында ер адамдар жақын маңдағы Корнеевка ауылының тұрғындары екен. Әуесқой балықшыларға мұз ұстінде балық аулауға болмайтыны қатаң ескертілді.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp