«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

Есіл ауданындағы Үлкен Тораңғұл көлінен заңсыз балық аулаған ер адамға 55 мың теңгеге дейін айыппұл салынатын болды. Балықшыдан бірнеше килограмм шортан, мөңке балығы мен ау тәркіленді. Оның балық аулауға рұқсат беретін ешқандай құжаты жоқ болып шықты.

Шал ақын ауданындағы Кіші Тораңғұл көліне барып, ауын босатып алған 26 жасар ауыл тұрғыны да жауапқа тартылды. Одан 40 килограмнан астам балық, ау, қайық пен басқа да балық аулайтын құрал-саймандар алынды. Балық аулау ережелерін бұзу фактісі бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстің 383-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Қазір шортан уылдырық шашатын кез, сондықтан балық аулауға тыйым салынған. «20 мамырға дейін шортанның уылдырық шашуына байланысты Есіл өзені мен салаларында, Сергеев су қоймасында балық аулауға тыйым салынды. Басқа өзен-көлдерде жалға алушылардың рұқсатымен балық аулауға болады»,- деді облыстық полиция департаменті табиғатты қорғау полициясы тобының аға инспекторы Асхат Қожабаев.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp