Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің жедел-құтқару жасағы Есіл өзені жағасындағы балықшылармен әңгіме өткізді. Мұндай рейдтер әдетте жайсыз оқиғалардың алдын алу үшін жүргізіледі. Бұл жолы мұз астынан балық аулауды ұнататын әуесқой балықшыларға парақшалар таратылып, өзен жағасында қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі айтылды.
Құтқарушылар балықшыларға қатарластыра көп ұңғыма жасамау, мұз үстінде топтасып жүрмеу қажеттігін ескертті. Әр балықшының ілгіші бар, ұзындығы 12-15 метр жіңішке арқаны болғаны жөн. Мұз үстінде шаңғы тепкенде де сақтық шараларын ұмытпау керек. Шаңғы таяғының ілгішін қолдың буынынан босатып, қозғалыс кезінде мұздың беріктігін тексеріп отыру артықтық етпейді.
Гүлмира САЛЫҚОВА,
облыстық төтенше жағдайлар
жөніндегі департаменттің
“Жедел-құтқару жасағы” ММ
бас құтқарушысы.