«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛЫҚ ҚЫРЫЛДЫ

Облыс аумағында 1,5 тонна балық қырылды. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандарының айтуынша, тосын жағдай  Тайынша ауданында орын алған.

Осы аудан аумағында орналасқан Шағалалыте­ңіз көлінде балықтың қырылып қалға­нын тұрғындар хабарлаған. Оқиға орнына жедел жет­кен инспекция, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен экология де­партаменті, “Қазгидромет” облыстық мемлекеттік мекемесінің мамандарынан құралған комиссия мүшелері тек­серіс жүр­гізді. Зерттеу барысында су құрамындағы күкіртсу­тек нормадан бірнеше есе асып кеткені белгілі бол­ған. Аталмыш көл облыстық аңшылар және балық­шылар қоғамына тиесілі.

– Балықтың нақты қырылу себебі ресми түрде жа­рияланбаса да, алдын ала болжам бойынша су ас­тындағы өсімдіктердің шіруінің салдарынан күкіртсу­тек концентраты пайда болғанға ұқсайды. Сөйтіп, ба­лықтардың улануына себеп болған. Бұлай дейтіні­міз,  мұндай келеңсіз жайт көлдің қамыс өсіп тұрған бө­лігінде ғана байқалған. Бұл аумақта  былтырғы қа­мыс шірінділері көп кездескендіктен, күкіртсутек га­зы көп мөлшерде бөлінгені байқалады, – дейді  орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілдері.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltústik Qazaqstan”.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp