«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛҒЫНДАРДЫҢ ЖЕҢІСІ

Петропавлдағы “Алтын бесік” балабақшасының тәрбиеленушілері Астана қаласында өткен бесінші халықаралық балалар, жасөспірімдер мен ересектер шығармашылығының “Музыкалық отшашу” байқау-фестивалінен жеңіспен оралды.

Ән салу шеберліктері, сахнада өзін-өзі ұстауы мен жеңіске деген сенімділік қызылжарлық балғындарды жерге қаратпады. Өнерлі өрендердің бірі – Дарина Бауыржанқызы. Ол байқауда “Рыжий кот” әнін орындап, екінші орынды иеленді, кейін топ құрамында өнер көрсетіп, қола жүлдегер атанды. Ал бес пен жеті жас аралығындағы бишілер қатарында өнер көрсеткен “Дала дауысы” тобы бас жүлдеге лайық екендіктерін дәлелдеді.

– Еңбегіміз зая кеткен жоқ. Балғындардың барлығы үздік өнер көрсетіп, олжалы оралды. Халықаралық сайыс болғандықтан, үміткерлердің дайындығы да жоғары болды. Бүлдіршіндеріміз үмітімізді ақтады, – дейді олардың музыкалық жетекшісі Еркін Қабдолбәриев.

Самат САПАРАЛЫ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp