«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛҒЫНДАР ШЫМЫР БОЛСЫН ДЕП …

“Балауса” балабақшасында ата-аналардың және балалардың қатысуымен “Спорт – денсаулық кепілі” сайысы өтті. Шараның мақсаты – балаларды саламатты өмір сүруге жас кездерінен баулып, спортқа деген қызығушылықтарын ояту.

Ұйымдастыру кезеңінде әр отбасы тобына ат қойып, ұран таңдап, өздерін таныстырды. Екінші кезең толығымен топтар арасындағы сайыс тапсырмаларына арналды. Тапсырмалар да балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жеңілден ауырға қарай ауыстырылып, түрлендіріліп өткізілді. Әр топ артта қалып қоймауы үшін жанын салып, барлық сайыстарға белсене қатысты. Жанкүйерлер де ұрандатып, өздерінің жанашыр тобына дем беріп отырды.  

Сайыс соңында қазылар алқасы жеңімпазды анықтады. Сайысқа қатысып, жеңіске жеткен 4-ші топ – Бұрмағановтар отбасы болды. Жеңімпаз атанғандар мен қатысушыларға балабақша өміріне, бала тәрбиесіне белсене атсалысқандары үшін мақтау қағаздары және сыйлықтар берілді.

Айнұр ДАНИЯРОВА,

аға тәрбиеші.

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp