Облыс орталығындағы №1 боулинг орталығы ойын-сауық кешенінде мектеп оқушылары арасында боулингтен қала кубогы өтті. Дәстүрлі сайысқа 13 мектептен 26 жасөспірім қатысты.
Үш кезеңнен тұрған жарыстың барысында №32 мектептің оқушылары жеңістің бірінші сатысына көтерілді. Ал №24 пен №10 мектептердің командалары екінші және үшінші орындарға ие болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен және дипломдармен марапатталды.
(Өз тілшіміз).