«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛ АШҚАН АЛАЯҚ ҰСТАЛДЫ

Айыртау ауданындағы бір ауылда өзін балгермін деп таныстырған алаяқ әйел 81 жастағы қарияның ақшасын ұрлаған. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, белгісіз әйел ауыл тұрғынының есігін қағып, бал ашып беруді ұсынған. Зейнеткерді алдап-сулап, оның жиған-терген 400 мың теңгесін қалтасына басқаннан кейін ізін суытқан. Күдікті Мамлют ауданында қолға түсті. 1983 жылы туған ресейлік азамат өз кінәсін мойындап, зейнеткерден кешірім сұрады, ақшасын толық қайтарды. Дегенмен, оның заң бұзушылығы жауапсыз қалмай, соттың үкімімен ел аумағынан шығарылды. 
Жыл басынан бері облыста алаяқтыққа қатысты 178 қылмыс тіркелсе, соның 110-ы ашылды. 
 
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp